Жанар-жағармай құю бекеттеріндегі дизель отынының тапшылығына қатысты туындаған мәселелер жақын арада шешіледі. Бұл туралы отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысында Үкімет басшысы Әлихан Смайылов айтты. Жиынға қатысушылар өңірдегі жанар-жағармай құю бекеттері дизель отынын транзиттік көліктерге қымбатқа сатады деп шағымданған. Осының салдарынан отандық көліктер жанармайды жеңілдетілген бағамен ала алмай қалады. Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі: «Жаңа төлем жүйесі дүйсенбіден […]