Жанар-жағармай қымбаттағаннан кейін халық тұтынатын тауарлар бағасы болмашы ғана өзгереді, деп санайды энергетика министрінің міндетін атқарушы Болат Ақшолақов. Орталық коммуникациялар қызметінде журналистер жанармай бағасы өскен соң, халық тұтынатын тауарлар тағы қымбаттап кетпей ме деп сұрады. «Жанар-жағармайдың тауарлар бағасына әсері тым асыра бағаланған деп санаймын. Біз бағаны екі есе көтеріп жатқан жоқпыз ғой. Егер сіздер статистикаға […]