Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен (адам өлтіру) айыпталған С.-ға қатысты қылмыстық іс ашық сот отырысында қаралды. С. 2024 жылғы 5 қыркүйек күні кешкі уақытта Шымкент қаласы, Таскен шағын ауданында орналасқан үйінде азаматтық некедегі жолдасы – жәбірленуші Р.-мен спирттік ішімдік ішу барысында араларында жеке бас араздықтың салдарынан жанжал туындаған. […]