Шымкентте болған қайғылы жол-көлік апатының егжей-тегжейін қалалық транспорт басқармасы мен автобус тиесілі «Shymkent bus» компаниясының өкілдері айтып берді. Жауаптылардың сөзіне сенсек, жүргізуші қоғамдық көлікті қол тежегішіне қоюды ұмытып, әжетханаға кеткен. Апат салдарынан бес адам қайтыс болды, тағы бір зардап шегуші ауруханада жатыр. Барлық емдеу шығыны мен қаза болғандардың еске алу шығындарын тасымалдаушы компания өз мойнына […]