Орны толмас адам болмайды. Бірақ қайталанбас тұлғалар туады. Асанбай Асқарұлы Асқаров солай жаратылған жан еді. Аты аңызға айналған асыл жаратылысынан туа бітті тұлға. Көп қырлы, бір сырлы, тұла бойына тұнып тұрған дарын иесі – асыл азамат еді. Білікті жан-жақты саясаткер, дарынды басқарушы, сұңғыла шешен, мықты ұйымдастырушы, ол халық шаруашылығының әр саласын жетік меңгерген, ұлттық дәстүр, […]