Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, ол жарнама сайттарының бірінен ауа салқындатқыш аппаратын (кондиционер) сату туралы хабарландыруға сеніп, алданып қалған. Яғни хабарландыруда көрсетілген нөмермен байланысып, 3 дана қолданылған, 3 жаңа ауа салқындатқыш аппаратын алатын болып келіскен. Тауардың ақшасын алдын ала салған. Алайда қаражатты алған жарнама беруші із-түссіз, байланыссыз жоқ болған. Жәбірленушіге […]