Бес жыл бұрын Арыстағы жарылыстан жапа шеккен әскери қызметкер әлі күнге дейін өтемақы ала алмай жүр. Осылай деген 31 жастағы бұрынғы ефрейтор снаряд қалдықтарын жинап жүріп үшінші топ мүгедегі атанған. Содан бері жұмыссыз қалған Жомарт Мұғал жауаптылар уәдеде тұрмады дейді. Сөзінше басшылық құрам жансақтау бөлімінде жатқан жігітке пәтер мен қаржылай көмек береміз деп жұбатқан екен. […]