2023 жылғы 9 қарашада Жетісу облысының таулы жерінде шекарашылар кәмелетке толмаған адамға қатысты сексуалдық сипаттағы іс-әрекеттер жасады деп күдіктелген өңір тұрғынын ұстады. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады. Бұған дейін 7 қарашада аталған азамат іздеуге жарияланған болатын. Ұсталған адам құзыреті бойынша процессуалдық шешімін қабылдау үшін полиция органдарына берілді.