Қазір Шымкентте 11 мыңға жуық азамат жұмыссыз ретінде тіркелген. Оларды уақытша немесе тұрақты жұмысқа орналастырумен «Еңбек мобильділігі орталығы және мансап орталықтары» айналысады. Бүгінде осы орталықтың септігімен жұмысқа тұрған жас мамандар баршылық. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Мерей Мұқымбай қазір Шымкент қаласы Әділет департаментінде мамандығы бойынша Іс қағаздарын жүргізу жөніндегі инспектор қызметінде 3 айдан бері жұмыс істеп келеді. […]