Шымкентте ұрпақты болу денсаулығы апталығы өтіп жатыр. Іс-шара аясында жастар денсаулық орталығының жұмысы таныстырылды. Орталық қызметіне жыл басынан бері 11 мың жас жүгінген. Шымкентте 411 мыңнан астам бала бар, оның 70 мыңы жасөспірім. Мамандардың сөзінше, соңғы кезде жастар арасында репродуктивті денсаулыққа назар аудармау жиі байқалады. Сондықтан арнайы 10 күндік өткізіп, мамандар тұрғындарға кеңес беруді бастады. […]