Шымкенттік жастар Қошқар ата өзені бойын тазартты. Олар өзен бойын аралап, қала көркін бұзып тұрған қоқыстарды жинады. Сонымен қатар, демалыс аймағындағы орындықтар, қоршауларды сырлаумен айналысты. Ал коммуналдық қызметкерлер жасыл желекті ретке келтіріп, ағаштардың артық бұтасын кесті. Тазалық шарасына Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері, «Jasyl el» еңбек жасағы және қаланың ерікті 150-ге жуық жастары қатысты. «Біз бүгін […]