Шымкентте «Жастар практикасы» жобасы аясында жыл басынан бері 2000-нан астам азамат жұмыспен қамтылды. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» ұлттық жобасы шеңберіндегі аталған жұмыспен қамту шарасы мемлекет тарапынан субсидияланады. Басты мақсат – 35 жастан аспаған жастарды, оның ішінде иеленген мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ, NEET санатындағы жастарды жұмыспен қамту. «Жастар практикасы» жобасымен мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесін […]