Елді мекендердегі жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін Жетісай ауданында арнайы топ құрылды.Мамандар ауылдарды аралап, тұрғындарға мемлекеттік бағдарламалар аясында қалай қаржылай қолдау алу керектігін түсіндірді. Кездесу барысында жаңадан іс бастағысы келетін жастарға төмен пайыздық несиелендіру, қайтарымсыз грант, «Қарапайым заттар экономикасы», «Ауыл аманаты» және «Бастау бизнес» жобалары кеңінен таныстырылды. ЕРЛАН АБДИКАРИМОВ – «АТАМЕКЕН» ҰКП ЖЕТІСАЙ АУДАНДЫҚ БӨЛІМІНІҢ КЕҢЕСШІСІ