Шымкентте жастарға арналған шағын несие беру бойынша кезекті комиссия отырысына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бас сарапшысы Жадыра Оразбаева қатысты. Еңбекмині өкілінің бақылауымен өткен жиында жеңілдетілген несие алуға үміткер 35 азамат өз жобаларын қорғады. Жастардың басым көпшілігі ауыр жүк көлік тасымалы, ірі қара мал бағу мен сауда-саттық дүкендерін ашу және қызмет көрсету […]