Жасыл челлендж Түркістанда жалғасын тапты. Қазақстанның экологиялық қоры ағаш отырғызу бойынша республикалық шарасы біздің өңірде де жүзеге асуда. Жоба аясында облыстағы білім мекемелерінде ағаш көшеттері отырғызылды. Жоба еліміздің ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының бастамасымен жүзеге асуда. Ондағы негізгі мақсат экологиялық мәдениетті нығайту. Сондықтан шара аясында Түркістан шаһарындағы білім ошағында ағаш көшеттері отырғызылды. Сондай ақ, Кентау қаласында да өз жалғасын тапты.