Түркістан облысы ПД Кентау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде жертөлені фитолабораторияға айналдырып, есірткі өсірген кентаулық тұрғынды анықтады. Нақтырақ айтсақ, «Қарасора-2023» жедел-профилактикалық шарасы аясында жүйелі жұмыс жүргізген полицейлер, жатын бөлмесінің астынан арнайы жертөле істеп, онда фитозертхана жасаған тұрғынды анықтады. Жедел уәкілдер тінту барысында оқиға орнынан 24 түп шелекке отырғызылған «сора» өсімдігі мен 20 дана […]