Полицейлердің анықтауынша, Түркістан қаласы көшелерінің бірінде белгісіз автокөлік жаяу жүргіншілерге арналған жолақтан өтіп бара жатқан 2 орта жастағы әйелді соғып кетіп, оқиға орнынан бой тасалаған. Апат салдарынан жаяу жүргіншілер түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген, бүгінде жағдайлары орта дәрежеде. Аталған жайтты полицейлер бірден ҚР ҚК-нің 345-бабы «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану […]