Кентау ҚПБ патрульдік полиция тобының қызметкерлері патрульдеу жұмыстарын атқару кезінде, жол бойында төбелесіп жатқан 2 адамды байқап, бірден мән-жайды анықтау үшін олардың жандарына барады. Содан бір-біріне күш қолданып жатқандарды ажыратып үлгереді. Осы сәтте дау-дамайға қатысушының бірі «DaewooTocsa» жүргізушісінің үстінен арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, ол жол шетінде жаяу келе жатқанында жүргізуші көлігімен абайсызда қағып кетпек болғанын баяндайды. […]