Түлкібас ауданының тұрғындары 10 жылдан бері қыста қатып қалатын, жазда насостың күші жетпейтін ауыз судан мезі болған. Тіпті, шіліңгір шілде де айлап сусыз қалдық дейді жұрт. Ал жауаптылар тек құрғақ уәдемен шектелетін көрінеді. «Ауыз су бағасы қанттан да қымбат». Осылай деген Түркістан облысындағы Тастұмсық ауылының халқы тіпті, ХХІ ғасырда «су жоқ» деп айтуға да ұяламыз […]