Шымкентте жазғы мектепте білім алып жүрген балалар тарихи-мәдени кешендерді аралап, танымын кеңейтіп жүр. Мектеп мұғалімдері оқушыларды мегаполистің тарихымен таныстыруда. Сондай-ақ білім саласының қызметкерлері балалар жылында бүлдіршіндерді тарихи орталықтарға ақысыз кіргізсе деген ұсыныс білдірді. «Тым болмаса балалар жылында бүлдіршіндер тарихи кешенге тегін кірсе екен». 60 шақты оқушысын «Shumqala» мәдени орталығына алып келген мұғалімдер осындай ұсыныс білдірді. […]