Түркістандағы «Farab» кітапханасының концерттік залында Сауран ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Жібек жолының жауһары» республикалық ақындар айтысы өтті. Жыр додасының негізгі мақсаты – Сауранның құм астында жатқан тарихы мен төл өнерді насихаттау. Айтыс шымылдығын Сауран ауданының әкімі Ғалымжан Үсенбаев ашып беріп, еліміздің әр өңірінен келген жүйрік ақындарға сәттілік тіледі. Екі кезеңнен тұрған аламанда ақындар Сауранның аз уақытта […]