Жекеше тәжірибемен айналысатын нотариустар нотариаттық іс–әрекеттер жасағаны үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексте (бұдан әрі – Кодекс) және «Нотариат туралы» заңда (бұдан әрі-Заң) белгіленген тарифтерге сәйкес аталған іс-әрекеттер үшін ақы алады. Бұл ретте жекеше нотариустың қызметтері үшін тарифтер екі құрамдас бөліктен құралады және нотариаттық іс-әрекет жасалғанға дейін алынады. Бірінші құрамдас […]