Қазақстанның бас прокуратурасы бірнеше өңірде тексеріс жүргізіп, жеке сот орындаушыларының қылмыстық схемаларын анықтады. Прокуратура органдары республикалық жеке сот орындаушылары палатасымен бірлесіп, жеке сот орындаушыларының 2021-2022 жылдары борышкерлерден өндіріп алынған ақшаны уақтылы және толық аударуына тексеріс жүргізді. «Алматы қаласында, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарында жүргізілген тексеріс нәтижесінде ақша ұрлаудың 660 фактісі анықталды. […]