Жемқорлардан қайтарылған қаржының жалпы көлемі бүгінде 500 миллиард теңгеден асты. Жыл соңына дейін триллион теңгеге жеткізу көзделген. Осыншама қаражат негізінен мектеп салуға жұмсалады деп жоспарланған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Үкіметпен бірлесіп Президент тапсырмасын іске асырып жатыр. Заң актілеріне тиісті түзетулер жобасы әзірленді. Қазір жемқорлыққа қатысты іс бойынша тәркіленген ақша мен өзге де активтер бірден […]