Жеңілдетілген автонесие беру қаңтардың ортасында қайта басталады. Қазақстан даму банкінің хабарлауынша, бұған дейін 4 пайызбен көлікті несиеге алғандар ақшасын банктерге қайтара бастады. Нәтижесінде, 13 миллиард теңге жиналды. Енді соған револьверлік негізде келесі айдың ортасында қайта несие беріле бастайды. Мәлімет бойынша оған мың жарымға жуық автокредит беру жоспарланып отыр.