Жеңілдетілген автонесиеге қосымша қаржы бөлінбейді. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің айтуынша бағдарлама әзірге револьверлік жүйемен іске аса береді. Яғни 4 пайыздық автонесиеге бұған дейін 100 миллиард теңге бөлінгені белгілі. Осы қаржы игерілген соң, машина алған адамдар, несиені ай сайын банкке қайтара бастайды. Сол қайтқан қаржыға, 4 пайыздық автонесие тағы беріле береді. Яғни ақша айналымда болып, […]