Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Кеңес төрағасы Қайрат Акеновтың төрағалылығымен өткен жиынға кеңес мүшелері, Шымкент қаласының прокуратурасы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшылары, қала әкімдігі басқармаларының өкілдері қатысты. Күн тәртібінде жергілікті атқарушы органдардың нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуі және мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы орындаудың […]