Шымкентте Мәслихат депутаттарының жетінші сессиясы өтті. Басқосуда халық қалаулылары полиция қызметкерлері үшін төленетін жалдамалы пәтер ақысын үнемдеу жолын ұсынды. Сонымен қатар, бос тұрған орынға жаңа депутат сайланды. Үшінші мегаполисте 358 есірткіге қатысты құқық бұзушылық анықталды. Нәтижесінде 92 келі өнім тәркіленген. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің бастығы жетінші сессия отырысында мәлімдеді. Оның ішінде 4-еуі ірі еліктіргіш […]