Жетісай ауданында үш мыңнан астам отбасы баспана кезегінде тұр. Өзекті мәселенің шешу жолының бірі – көпқабатты тұрғын үй құрылысы. Биыл ауданда 200 отбасыға арналған тұрғын үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Қоныс тойды кім тойлайды? Тұрғындар қай кезде пәтер кілттерін алады? Тілші материалынан қараңыздар Жетісай ауданында тұрғындарды баспанамен қамту мақсатында құны 1,6 млрд теңгені құрайтын 200 пәтерлі 6 көпқабатты тұрғын үй құрылысы жүргізіліп жатыр. Тұрғын үйлер белгіленген тәртіп бойынша кезекте тұрған 200 отбасыға берілетін болады. Оған жауапты мердігер мекеме нысанды биыл аяқтаймыз дейді.