Жетісай ауданындағы мақта бағасына қатысты мәселе

Шардаралық шаруалар шығынға ұшырадық деп шу шығарғанымен, Ливерпульдік биржадағы мақта құны көтерілмей тұр. Себебі, әлемде ақ алтынға деген сұраныс төмен. Ал, атқамінерлер болса қолдан келгенін жасап бағудамыз дейді.  Биыл өңірде мақта көлемі жылдағыдан екі есе артса да, шаруалардың әлі де мазасы жоқ. Себебі, жыл он екі ай күтіп баптаған еңбегінің жемісін көре алмай отыр. Яғни, ақ алтынның нақты бағасы бекітілмеген.  ЕРБОЛ ҚАЛДАРОВ - «АҚ АЛТЫН» КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ БАС ИНЖЕНЕРІ - Біздің де шаруалардың өнімін сатып алатын ақшамыз жоқ... Мақта шикізатын сатып алу зауыттар мен қабылдау пунктеріне де тиімсіз болып тұрған секілді. Алайда, Мақтаарал ауданында орналасқан «Жанасыл» корпорациясы қолма-қол 330 теңгеден қабылдап жатыр. Неге? Өзгелер ақ алтыннан айналып өтіп жатса, биыл ғана ашылған завод қалай жоғары бағаны бекітіп алған? Бұл сұрақтарға өнеркәсіп директоры бүй деді.  НҰРЛАН СӘРСЕНБАЕВ - "ЖАНАСЫЛ" ЖШС-НІҢ ДИРЕКТОРЫ - Біз шет ел инвесторларымен келіссөз өткіздік. Соның арқасында шаруалардың өнімін жоғарғы бағадан қабылдап жатырмыз... Бағаны тұрақтандырудың жалғыз жолы тектильді заводтар ашу дейді шаруалар. Егер, дайын шикізат өнімін кәдеге асыратын өнеркәсіп нысандары бой көтерсе, мұндай дабыра болмайтын көрінеді. Бірақ, оның өзіне кемі 2-3 жыл уақыт керек.  ЕРАЛЫ БЕКЕНОВ – ШАРУА - Үкіметке қойылатын негізгі талап мақтаны кәдеге асырып үйренуіміз қажет... Осы орайда "жыл он екі айғы еңбегіміз бағаланбады" деп ашуға бой алдыртқан шаруаларды халық қалаулылары мен ел тізгінін ұстаған тұлғалар сабырға шақырды.  Айта кетейік, бүгінге дейін облыс көлемінде 286,6 мың тонна шитті мақта жиналды. Бұл көрсетікіш жсопарланған меженің 87 пайыз құрайды дейді мамандар. Сонымен қатар, минералды тыңайтқыштардың құнының  50 пайызын субсидиялауға 6,1 млрд теңге  көлемінде мемлекет тарапынан қолдау жасалған.  

Читать источник turkistan.tv
Алаяқтар енді Шымкент әкімінің атын жамылып жүр
Алматы мектептерінде соңғы қоңырау соғылды
Тәжікстан азаматы 25 жастағы алматылық қызды соққыға жықты
Ақмола облысында қар жауды (ВИДЕО)
Су тасқыны: Атырау облысында ауыл тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр
35 млн халқы бар Өзбекстанда бала туу көрсеткіші төмендеп кеткен
БҚО әкімі су тасқынынан зардап шеккен саяжай тұрғындарымен кездесті
Төрегелді Шарманұлы бүкіл саналы ғұмырын ұлт денсаулығына арнаған бірегей тұлға еді – Тоқаев
Атырау облысында тасқын болған аумақтардағы оқушылар емтиханнан босатылды
Алаяқтар Шымкент әкімінің атын жамылып, хабарлама таратуда
Әнші Бейбіт Қорған өнердегілерге тек әріптес ретінде қарайтынын айтты
«Тірісінде ата-анаға жақсы сөздер айт»: Актер Азамат Сатыбалды тікелей эфирде көз жасына ерік берді
Жаңадан ашылған Сейітжан қари Есжанұлы мешітінде алғашқы жұма намаз оқылды
25 мамырда Шымкеттік ХҚКО-ларда шетел азаматтарына көші-қон желісі бойынша кейбір қызметтер қолжетімсіз болады
Д. Сатыбалды: «Келес ауданында жаңа кәсіпорындар ашу қажет»
Қылмыстық заңнаманы заман талабына сай жетілдіру мәселесі талқыланды
Алматы облысында “Таза Қазақстан” акциясы өз жалғасын табуда
"Бұл шынайы ма?" Қазақстандағы ерекше дала видеоға түсірілді
Балалар колониясында соңғы қоңырау соғылды
«Болат Назарбаевтың егізі» лақап атымен танылған ер адам кім?
Құранды үш жыл бойы қолмен жазып шыққан қандасымыз мешіттің ашылу салтанатына қатысты (ВИДЕО)
«Жайлы мектеп» жобасына отандық өндірушілер қамтылуы тиіс
Шымкентте 2,5 млн теңгенің велосипедтерін ұрлаған тұрғын видеоға түсіп қалды
Шымкентте заңсыз майнерлердің қылмысы әшкере болды