Жетісай ауданында елу жыл жөндеу көрмеген ауыл көшелері жаңарып жатыр. Ол үшін мемлекеттен 2 млрд. теңгеге жуық қаражат бөлініп отыр. Жөндеу жұмыстарының басым бөлігі «Ауыл – ел бесігі» жобасының аясында қолға алынып отыр. Соның арқасында ауылдардағы 104 көшенің жолы жөнделетін болды. Мемлекеттік бағдарлама аясында аудан бойынша барлығы 70 шақырым ауыл жолын жөндеу жоспарланып отыр. Қай ауылға барсаңыз да, жұмыстың қызған шағы. Тынымсыз жүрген техникалар ойдым-ойдым болған жолдарды жаңартып жатыр. Ауыл тұрғындары ширек ғасыр жөндеу көрмеген жолдың жаңаруы біз үшін қуаныш, - дейді. МҰСАХАН ҚОЖАМҰРАТОВ АТАМЕКЕН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ Жолымыз 50 жыл жөндеу көрмеген. Өзіміз көріп, қадағалап жүрміз. Жергілікті әкімдік биыл аудандағы 104 көшенің жолын толықтай жөндеп, ел игілігіне беруді жоспарлап отыр. Жол салынып қана қоймай жан-жағы абаттандырылып, тұрғындардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасалады. Ауыл ішілік жолдарды жөндеуге мемлекеттен 1 млрд. 735 млн. теңге бөлінген. БЕЙБАРЫС АРЫСЛАН ЖЕТІСАЙ АУДАНДЫҚ ТҮКШ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ Оның ішінде 1 млрд.100 млн.теңге «Ауыл – ел бесігі» аясында бөлініп отыр, 624 млн. теңге жергілікті бюджеттен. Жетісай ауданындағы 1200 көшенің 40 пайызы жөндеуді қажет етеді. Жергілікті билік алдағы ауылішілік жолдарды толығымен жаңартуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, жолдардың бойы да абаттандырылып, бағдаршамдар мен бейнебақылау камералары да орнатылып жатыр.