Жетісай ауданында құжатсыз автокөлік басқарған 3 жасөспірім анықталды. Олардың ата-аналарына ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 2-бөлігімен «Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы» бойынша хаттама толтырылды. Бұл туралы 25 мамыр күні рейдтік жұмыс жүргізген Түркістан облыстық полиция департаменті хабарлады. Айтуларынша, жасөспірімдер басқарған екі көлік ресей нөмірімен екен. Гүлнар Абдужаппарова, Түркістан облыстық ПД баспасөз хатшысы: […]