Жетісай ауданында жергілікті тұрғын алтынға ұқсас бижутерияларды ломбардқа өткізіп жіберген. Келтірілген шығын – 4 млн теңге. Түркістан облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшыларына ломбард қызметкері шағым түсірген. Шағымданушы ер адамның айтуынша, сенімге кірген әйел алтынға ұқсас бижутерия алқаларын өткізіп, алдап кеткен. Аталған факт Қылмыстық кодекстің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді. Күдіктінің жеке-басын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру жұмыстары […]