Қазақстанда жиһаз жасайтын компаниялар жабыла бастады. 2022 жылдың қорытындысы бойынша, олардың саны 8 пайызға қысқарған. Өнеркәсіптік өндіріс индексі 89 пайызға дейін түсіп кеткен. Пандемиядан кейін әлсіреп қалған салаға инфляция да кері әсер еткен. Былтыр жиһаз бағасы 1,5-2 есеге өсіпті. Өйткені шикізат қымбаттаған. Жиһаз жасайтын қазақстандық компаниялардың дағдарысқа ұшырауына басты себеп те – импортқа тәуелділік. Жоңқалы […]