Халықты жұмыспен қамту – басты міндет. Оны орындай алмай отырған аудан, қала әкімдері ескерту алды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте халықты тұрақты жұмыспен қамту мәселесі қаралды. Облыс басшысы мемлекеттік органдардың нақты және үйлесімді жұмысын талап етіп, халыққа жағдай жасай алмаған әкімдерді қатаң сынға алды. – Қағаз жүзінде деректер жақсы болғанымен нәтиже […]