Республика күнімен барша отандастарымды құттықтаймын. Еліміздің спорт саласында жеңісті сәттер көп болсын деген тілек айтамыз. Жастар – елдің болашағы. Біздің спорттағы жетістіктеріміз бейбіт өмірдің және мемлекет тарапынан қолдаудың арқасы деп білемін. Таяуда өткен Жазғы Азия ойындарынан күміс жүлдемен оралдым. Ел қоржынына алтын жүлде салғым келген. Бірақ бұл жолы нәсіп болмады. Енді алда жауапты сындарда […]