Әлеуметтік желілер мемлекеттік органдарға азаматтардың үнін естіртудің басты құралдарының біріне айналды. E-Otinish сияқты ресми порталдар болғанына қарамастан, көпшілік оларды айналып өтіп, шағымдарын интернет арқылы жеткізуді жөн көреді. Себебі жаппай қоғамдық резонанс тудырған мәселелерге ғана шенеуніктер назар аударып, жауап беруге мәжбүр болады. Ал сарапшылардың пікірінше, қоғамдағы шиеленісті азайту үшін мемлекеттік органдар өтініштерді тек тіркеумен шектелмей, оларды […]