Шымкентте кәсіпкерлер 600 мың литрден аса сүтті өткіздім деп жалған құжат тапсырған. Мұны қалалық прокуратура мамандары тексеру барысында анықтады. Ауыл шаруашылығымен айналысатын тұлға өзі өндірмеген өнім үшін мемлекеттен 12 млн. теңге субсидия алған көрінеді. Қазір іс Қылмыстық кодекстің 190 бабы бойынша сотқа жолданды. «Тауар өндіруші сүт өнімін сүтті өңдейтін кәсіпорындарға өткізуі керек болған. Ол кәсіпорындардың […]