Полицейлер бұрын-соңды болмаған акция ұйымдастырып, тұрғындарды жол апатынан сақтандырды. Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың бастамасымен облыс орталығында аса маңызды акция ұйымдастырылды. Яғни жол апатына түсіп, сау тамтығы қалмаған, жан-жағына ескерту жазылған көлікті тиеген эвакуаторлар, Түркістан қаласы көшелерін аралады. Жай аралап қана қоймай, мұнда полицейлер дауыс зорайтқыш арқылы жол көлік оқиғаларының алдын алу бағытында […]