Қазақстанның ішкі істер министрлігі жол ережелерін өрескел бұзатын жүргізушілерді бір апта ішінде айыппұлдың тек жартысын төлеу мүмкіндігінен айыру туралы бастаманы депутаттардың қарауына енгізеді. Полицейлердің пікірінше, бұл шара көлік иелерін тәртіпке салуға көмектеседі. ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиевтің айтуынша, полицейлер жолдағы қауіпсіздік жағдайына үнемі талдау жасап, жол ережелерін өрескел бұзуға бейім жүргізушілерді тәртіпке […]