Бас прокуратура көлік жолдары саласының жай-күйін тексеру қорытындысы бойынша 300-ден астам заң бұзушылықты анықтады, мемлекет кірісіне 2,5 млрд. теңге өтелді. «29 қылмыстық іс қозғалды, 305 адам тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі. Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданында жөнделген учаскеге 148 миллионнан астам бюджет қаражатын артық жұмсау фактісінің алды алынды […]