ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Төрағасы А.Ж. Жұмағалидің басшылығымен жол саласындағы жемқорлық тәуекелдерін жою мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өтті. Іс-шараға Көлік министрі М.К. Қарабаев, жоғары аудиторлық Палатаның, Стратегиялық жоспарлау, бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттіктерінің, қаржы, өнеркәсіп және цифрландыру министрліктерінің, «Атамекен» ҰКП, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты. Кеңесте Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Агенттік Көлік […]