Түркістан облысының бірқатар аймақтарында бұрқасын жел салдарынан республикалық және облыстық маңызы бар жолдар жабылған болатын. Оның ішінде, Түлкібас ауданының Жаскешу, Састөбе елді мекендерінен өтетін А-2 «Алматы – Ташкент» автомобиль жолының 593-654 шақырымына барлық автокөліктердің жүруіне шектеу қойылды. Түркістан облысының құтқарушылары, Түлкібас ауданының әкімдігі мен ауыл тұрғындары тарапынан аталған трассада қалған азаматтарды құтқару, жүргізушілер мен жолаушыларды […]