Шымкент қаласында жол қозғалысының және жолаушылар тасымалдаудың тәртібін бұзған қоғамдық көлік жүргізушілері жұмыстарынан шығарылды. Бұл туралы қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының өкілдері хабарлады. Жауапты мамандардың мәліметінше, биылғы 14 желтоқсан күні «Іnstagram» желісіндегі аккаунттардың бірінде жүргізушілердің арасында орын алған қақтығыс туралы бейнеролик жарияланған. Басқарма мамандары осы оқиға бойынша ішкі тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 2022 […]