ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру жұмыстары Қаратау ауданы «Нұрсәт» өнер мектебінде жалғасты. Кездесуге AMANAT партиясы, Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары Талғат Балтабаев, Айжан Наимбекова және Қаратау ауданының тұрғындары қатысты. Іс-шара аясында мәслихат депутаты Талғат Балтабаев Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауындағы басым бағыттар туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. […]