Елдегі барлық жоғары оқу орындарына оқыту тіліне қарамастан «Кәсіби қазақ тілі» пәні енгізіледі. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында мәлімдеді. Сөзінше, қазір Ғылым және жоғары білім министрлігі мектеп терминологиясын дамыту, ресми құжаттардың стилистикасын жетілдіру және оқыту тіліне қарамастан жоғары оқу орындарының бағдарламасына «Кәсіби қазақ тілі» пәнін енгізу мәселесін пысықтап жатыр. […]