Түркістандық құқық қорғау қызметкерлері тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар, олардың өміріне араша болуға да атсалысуда. Жергілікті учаскелік полиция қызметкерлерінің жәрдемдесуімен айы-күні жетіп, толғағы қысқан азаматша перзентханаға дер кезінде жеткізілді. Оқиға Кентау қаласына қарасты Құсшы Ата елдімекені аумағында болған. Полиция капитаны Сабыр Абдунасировтың айтуынша, ауыл маңында өз міндеттерін атқарып жүрген тәртіп сақшыларынан жол бойындағы белгісіз көлік көмек сұрайды. Оның ішінде жүкті келіншек бар екенін көрген полицейлер қызметтік көліктерінің жарықшамдары мен дыбыс зорайтқыштарын қосып, азаматшаның перзентханаға дер кезінде жеткізген.