Төлеби ауданында тұрақты жұмысқа тұрмақ болған жергілікті тұрғын 1 млн теңгесінен айырылды. Айтуынша, танысы оны сан соқтырып кеткен. Полицияға арызданған ер адамның сөзіне сенсек, танысы Атырау қаласына жұмысқа орналастырып беруге уәде беріп, сеніміне кірген. Бұл қызметі үшін 1 млн теңгесін алған. Жәбірленушінің арызын полицейлер Қылмыстық кодекстің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеді. Куәлардан жауап алу барысында жинақталған […]