Сайрам аудандық полиция басқармасының қызметкерлері алаяқтық қылмысына барған 50 жастағы тұрғынды анықтады. Күдікке ілінген әйел екі бірдей танысына мамандықтары бойынша жұмысқа орналастырып беретінін айтып, сендірген. Ол үшін жәбірленушілерден алдын ала 300 мың теңге көлемінде қаражат алған. Алайда біршама уақыт өтсе де уәде етілген жұмысты да, не ақшаларында қайтармаған. Яғни әйел алған ақшаны бас пайдасына жаратқан. […]