Елімізде жұмысшылар құқығын қосымша қорғауға қатысты жаңа нормалар енгізілді. Сенат еңбек даулары мен жанжалдарын шешу тәртібін оңайлату бойынша өзгерістер енгізу туралы заңды қабылдады. Құжат еңбек дауларын реттеп, келіссөздер үрдісін ұйымдастыруға қатысты заңнаманы жетілдіру үшін әзірленіп отыр. Жаңа түзетулер кәсіподақтардың рөлін реттеуге де қатысты. Жиналыстар немесе қандай жағдайда ескерту ереуілдерін өткізуге болады деген сұрақтарды да қамтиды. […]